Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада зерттеу шеңберінде есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда AR технологиясының мүмкіндіктері бар үйретуші мобильді қосымшаны интеграциялау мәселесі қарастырылған. Зерттеу жұмысының аясында есту қабілеті зақымданған балаларға арналғанарнайы (түзету) мектептің 9 сынып оқушыларына информатиканы оқыту процесіне AR технологияға негізделген үйретуші мобильді қосымшаны қолдану эксперименті жасалды. Зерттеудің мақсаты, цифрлық трансформация жағдайында инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда арнайы үйретуші мобильді қосымшаны интеграциялау тиімділігін анықтау болды. Қосымшаның тиімділігін бағалау мақсатында оқу материалын игеру деңгейін анықтау үшін алдын-ала және кейінгі тестілеу алынды. Эксперимент барысында цифрлық инклюзия құралы ретінде әзірленген AR мүмкіндіктері бар үйретуші мобильді қосымшаны тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды және оқу материалын сапалы игерудің жолдары ұсынылды. Алынған деректерді талдау AR технологиясын пайдаланудың тұжырымдамалық аппараты, алгоритмдік ойлауды және цифрлық объектілермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру сапасына оң әсерін анықтауға мүмкіндік берді. Эскперимент нәтижесінде инклюзивті білім беру ортасында цифрлық технологиялардың, оның ішінде нақты объектілер мен цифрлық мазмұнды бірыңғай білім беру кеңістігінде қолдануға мүмкіндік беретін толықтырылған шынайылық (AR, Augmented Reality) технологияларының информатиканы оқытудағы тиімділігі анықталды. Есту қабілеті зақымданған оқушылар үшін толықтырылған шынайылық (AR) технологиясының визуалды сипаты құнды, себебі ол оқу материалын жақсырақ түсінуге, қатысуға және тұрақты академиялық оқу мотивациясын қалыптастыруға ықпал ететіні дәлелденді. Осы зерттеудің нәтижесінде есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда AR технологиясының мүмкіндіктерін қолдануға қатысты болашақ зерттеулерге ұсыныстар жасалды.</jats:p>

Show More

Keywords

қабілеті зақымданған информатиканы цифрлық есту

Related Articles