Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың кибергигиена және қауіпсіздікмәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу мақсаты –интерактивті ойындар арқылы балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау және олардың білім беру процесінеинтеграциялану мүмкіндігін негіздеу. Зерттеу өзектілігі –цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге енуімен қатар балалардың киберқауіптерге тап болу мүмкіндігінің артуымен байланысты. Цифрлық ортада қауіпсіз әрекетету, дербес деректерді сақтау және зиянды контенттен қорғану баланың тұлғалық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін аса маңызды.Алматы қаласындағы No109 бөбекжай-балабақшасында 5 жастағы 51 балаға тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүргізілді. Эксперименттік және бақылау топтарында балалардыңбастапқы және қорытынды деңгейлері М.А.Панфилованың «Цифрлық кактус» әдістемесі мен Т.Г.Храмцованың бейімделген ойындық тапсырмалары арқылы анықталды. Эксперименттік топпен жүргізілген арнайы интерактивті ойындар кешені –«Қауіпсіз бе, қауіпті ме?», «Меніңонлайн көмекшім», «Құпия сөз құрастыр» және «Цифрлық қауіпсіздік лабиринті» секілді мазмұндық блоктарды қамтып, балалардың танымдық, эмоционалдық және мінез-құлықтық құзыреттерін дамытуға бағытталды.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, балалардың кибергигиеналық білім деңгейі мен қауіпсіздікке қатысты мінез-құлқы айтарлықтай жақсарды. Эксперименттік топта жоғары және орта деңгейдегі балалардың саны артты, ал төмен деңгейдегі көрсеткіш төмендеді. Балалар ғаламтордағы қауіп-қатерлерді тануға, құпия деректерді қорғайбілуге, киберқауіптен саналы түрде қорғануға бейімделе бастады.</jats:p>

Show More

Keywords

және балалардың Цифрлық Эксперименттік қалыптастырудың

Related Articles