Abstract
<jats:p>Мақалада жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сыныптарында жаратылыстану пәндерінің мазмұнын құрудың ғылыми-дидактикалық негіздері қарастырылады. Білім беру стандартының қағидалары, пәнаралық байланыстар, сабақтастық пен үздіксіздік талаптары негізінде оқу материалының іріктелу жолдары талданған. Жаратылыстану пәндерінің мазмұнын құрудағы радиалды, сатылы және концентрлі тәсілдердің ерекшеліктері салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Генерализациялау және циклділік принциптерінің оқу мазмұнын теорияларайналасына топтастырудағы тиімділігі анықталды. Сонымен қатар генерализациялау және циклділік принциптері пән мазмұнын теориялар айналасына топтастыру арқылы жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Мақалада бағдарлы саралап оқыту жағдайында білім мазмұнын таңдауда іргелілік, ғылымилық, қолданбалылық, кәсіби бағытталғандық, ізгілендіру және ақпараттық-технологиялық принциптердің мәні ерекше атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері жаратылыстану пәндерін бағдарлы сыныптарда оқытуда білім алушылардың ғылыми дүниетанымын, теориялық ойлауын және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған ұсыныстарды қамтиды.</jats:p>