Abstract
<jats:p>Инновациялық ойлау қарқынды өзгеретін әлем жағдайында білім беру процесінің негізгі компонентіне айналады. Бұл білім алушыларға жаңа сын-қатерлерге бейімделуге, өзіндік идеяларды қалыптастыруға және стандартты емес шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада педагогтар мен білім беру мекемелері үшін өзекті міндет болып табылатын білім алушының инновациялық ойлау деңгейін бағалау әдістері қарастырылған. Технологиялардың қарқынды дамуы мен жаһандану жағдайында инновациялық ойлау табысты кәсіби қызметтің негізгі факторы болып отыр. Университет студенттерінің инновациялық ойлау деңгейін бағалау маңызды, өйткені бұл білім алушылардың әлеуетін анықтаумен қатар, оларды бәсекеге қабылетті мамандарды дайындау мақсатында білім беру бағдарламаларын, авторлық курстар құруға мүмкіндік береді. Осы мақалады аддитивті технологияларды оқу процесінде қолданып, білім алушылардың инновациялық ойлау деңгейлерін қалыптастыру аспектілері қарастырылды. 3D басып шығару және басқа инновациялық әдістер, атап айтқанда аддитивті технологиялар өнеркәсіп, медицина, т.б. әртүрлі салаларда өзекті болып отыр. Зерттеу нәтижесі бойынша болашақ мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, магистранттардың шығармашық жұмыстарын бағалау критерийлері анықталды. Бұл кретериилер үш өлшемді нысанды құру тақырыбын таңдау, оны жасау және ұсына білуі, шығармашлықпен қарау деңгейлеріне байланысты анықталды. Перспективада инновациялық ойлауды педагогикалық және психологиялық аспектілерді байланысты түрде жетілдіру көзделген.</jats:p>