Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада авторлар дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар заманауи ақпараттық-коммуникациялық компьютерлік технологияларды меңгерген, білікті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлау мәселесін қарастырады. Негізгі мәселенің бірі –музыкалық базалық білімі жоқ студенттерді даярлау. Оларға төрт жыл ішінде қажетті музыкалық білім мен орындаушылық дағдыларды меңгеру өте қиын, бұл Қазақстанның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға кедергі келтіреді. Сондықтан тиімді білім беру ортасын құру, оқу үдерісін қажетті ресурстармен және музыкалық-компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету –басты талап.Мақалада осы мәселелерді шешуге көмектесетін тиімді құрал ретінде «Soft Way to Mozart» музыкалық-компьютерлік технологиясыұсынылған, оның білім берудегі және тәрбиелік мүмкіндіктері ашылып көрсетілген. Ресейдегі музыка-компьютерлік педагогиканың дамуына зор үлес қосқан И.Б.Горбунованың ғылыми мектебі мен зерттеушілік қызметіне, оның шетелдерге таралуына ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, «Soft Way to Mozart» бағдарламасының авторы Х.Хайнердің ғылыми және педагогикалық ізденістеріне баға берілген. Аталған бағдарламаны оқу үдерісіне енгізудің нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс талданған. «Soft Way to Mozart» музыкалық-компьютерлік технологиясын оқытудың қағидалары сипатталған. Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері жинақталып, болашақ зерттеулер мен оқу үдерісіне енгізу перспективалары ұсынылған. Сонымен қатар, музыка мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған ақылы курстар ашу мәселелері де қарастырылған.</jats:p>

Show More

Keywords

және мен білім оқу музыкалықкомпьютерлік

Related Articles

PORE

About

Connect