Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада көмір ұнтақты отынды жағуға арналған өндірістік қазандықты негізгі энергия көзі ретінде табиғи газды пайдалануға көшірудің оңтайлы сұлбасы әзірленді. Ұсынылған тәсіл қондырғының экологиялық және энергетикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған. Жинақталған деректер негізінде Қазақстанның жылу электр станцияларында пайдаланылатын жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен жану үдерісін ұйымдастыруға қатысты ұсынымдар ескеріліп, қолданыстағы үлгі жетілдірілді. Зерттеу барысында БКЗ-75 маркалы қазандықтың жану камерасында көмір ұнтақты отын мен табиғи газды жағу үдерістеріне салыстырмалы сандық модельдеу жүргізілді. Екі жұмыс режимі үшін де үшөлшемді геометриялық модельдер жасалып, физика-математикалық және химиялық жану модельдері іске асырылды. Мұндай тәсіл жылу мен массаны тасымалдау сипаттамаларындағы, сондай-ақ экологиялық және энергетикалық көрсеткіштердегі айырмашылықтарды кешенді бағалауға мүмкіндік берді.Есептеу нәтижелері бойынша жану камерасының бойлық, көлденең және шығу қималарында температураның, көміртек тотығының (CO), көмірқышқыл газының (CO₂) және азот оксидтерінің (NOₓ) таралу диаграммалары алынды. Құрылған жаңартылған 3D-геометрия мен бейімделген CFD-модельдер Қазақстанның жылу электр станцияларындағы нақты жұмыс жағдайларына барынша жақын жану үдерістерін сандық түрде сипаттауға мүмкіндік берді.</jats:p>

Show More

Keywords

және жану мен жылу көмір

Related Articles