Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада Қазақстандағы орта таптың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару шараларының тиімділігі Малайзия және Оңтүстік Корея тәжірибесімен салыстырмалы түрде талданады. Зерттеудің теориялық негізі ретінде орта таптың «қысылған» жағдайы туралы халықаралық ұйымдардың (OECD, Дүниежүзілік банк) тұжырымдамалары, сондай-ақ кедейлік пен орта тап динамикасын сипаттайтын ұлттық стратегиялық құжаттар мен статистикалық деректер алынды. Мақалада орта тапты анықтаудың әртүрлі тәсілдері (медиандық табыстың 75–200%-ы, B40/M40/T20 табыс топтары, инклюзивті өсу индикаторлары) салыстырылып, Қазақстандағы кедейліктің айтарлықтай қысқаруы мен тұрғын үй саясатының («Нұрлы жер», ипотекалық бағдарламалар) әлеуметтік-экономикалық әсері бағаланады. Малайзияда B40/M40 тұжырымдамасы негізінде мақсатты трансферттер мен көпөлшемді кедейлік индекстері қолданылса, Оңтүстік Кореяда инклюзивті өсуге бағытталған, бірақ қайта бөлудің салыстырмалы түрде төмен тиімділігімен сипатталатын модель талданады. Салыстырмалы талдау нәтижелері Қазақстанда кедейлікті азайтудың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, орта таптың сапалық жағынан осал күйде қалып отырғанын көрсетеді: аймақтық теңсіздік, тұрғын үйдің қолжетімділігі, қарыз жүктемесі және әлеуметтік қорғау жүйесінің жеткіліксіз таргеттелуі орта таптың тұрақтылығын әлсіретеді. Малайзиядағы B40/M40 тәсілі мен Оңтүстік Кореядағы инклюзивті өсуге бағытталған саясат Қазақстан үшін орта тапты қолдау саясатын жетілдірудің институционалдық және әдістемелік бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

орта мен таптың бағытталған және

Related Articles