Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеу қазақ халқының ұлттық тағам атауларын тек тұрмыстық лексика емес, тұтас бір ұлттың дүниетанымы, тарихи тəжірибесі мен мəдениетінің көрінісі ретінде қарастырады. Жұмыстың мақсаты – ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық жəне танымдық негіздерін анықтап, олардың тілдік санадағы жəне ұлттық болмысты сақтаудағы орнын айқындау. Зерттеу төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілді: 1) тағам атауларының негізгі шикізатына негізделген атаулар; 2) дайындау немесе өңдеу тəсіліне байланысты атаулар; 3) тағамның пішіні мен түсіне қатысты атаулар; 4) тағамның əлеуметтік жəне ғұрыптық қызметін білдіретін атаулар. Әр топтағы атаулардың мағыналық уəждері, тарихи-мəдени астарлары мен символдық мəндері нақты мысалдар арқылы сараланды. Әдіснамалық тұрғыда сипаттамалы, этнолингвистикалық жəне когнитивтік талдау əдістері кешенді түрде қолданылды. Сипаттамалы əдіс атауларды жүйелеуге, этнолингвистикалық əдіс олардың мəдени мəнін ашуға, ал когнитивтік əдіс метафора мен метонимия сияқты ойлау модельдерінің рөлін көрсетуге мүмкіндік берді. Нəтижелер ұлттық тағам атауларының тек азық-түлік атауы емес, əлеуметтік қарым-қатынасты реттейтін, мəртебе мен сыйластықты айқындайтын мəдени код екенін көрсетті. Мысалы, «сыбаға», «табақ тарту» атаулары əлеуметтік мəртебе мен сыйластық нормаларын білдірсе, «қазы», «қымыз» атаулары байлық, береке, бірлік сияқты мəдени концептілермен сабақтас. «Наурыз көже» атауы халықтың космогониялық түсінігін, жаңару мен молшылыққа деген сенімін бейнелейді. Зерттеу құндылығы – ұлттық тағам атауларын тілдік дерек қана емес, ұжымдық сана мен əлеуметтік жүйенің айнасы ретінде қарастыруында. Алынған қорытындылар ғылыми тұрғыда қазақ халқының этномəдени кодын тануға, практикалық тұрғыда – ұлттық мұраны сақтау, жаңғырту жəне насихаттауға үлес қосады.</jats:p>

Show More

Keywords

мен ұлттық тағам жəне атаулар

Related Articles

PORE

About

Connect