Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Антропонимдер әртүрлі дискурста қолданылатын тілдік құрал. Антропонимдермәдениақпараттысақтапжәнетарататын, ұлттықсананықалыптастыратын этномәдени қасиетке ие категория. Ол коммуниканттардыңқұндылықтаршкаласыменмінез-құлық үлгілерін анықтайды. Зерттеу жұмысының мақсаты- желілік маркетингтік дискурста қолданылатын антропонимдердің функционалдық маңыздылығын анықтап, оның адресаттарға перлокутивті әсері қандай тілдік құралдар арқылы жүзеге асатындығын зерделеу және бұқаралықжәнетұлғааралықкоммуникациясаласындағыдискурстыңосытүрініңөзектілігінкөрсету. Антропонимдер арқылы жасалған отандық компаниялардың Instagram парақшаларынан алынған пост-мәтіндер зерттеуіміздің қайнар көзі болды. Маркетингтік дискурстағы антропонимдерді (жеке есімдерді) зерттеу салыстырмалы түрде тауашалық сала болып табылады. Бірнеше ғалымдар маркетингтік дискурсты нарықта ілгерілетін брендингке байланысты тақырыптарды зерттеді. Ол зерттеулердің барлығы антропонимдерді қамтиды. Мақаланы жазу барысында маркетингтік дискурс бойынша жазылған отандық және шетелдік тіл мамандарының еңбектеріне шолу жасалды. Мақалада сонымен қатар адресанттардың желілік маркетинг дискурсында қолданатын коммуникативтік стратегиялары да назардан тыс қалмады. Отандық компаниялардың Instagram парақшаларында жарияланған пост-міәтіндерінді талдау барысында дискурсивті талдау, контент талдау және прагмалингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Қарастырып отырған мақалада адресаттарға әсер ету мақсатында қолданылатын тілдік бірліктер және паралингвистикалық құралдар зерделенді. Зерттеу жұмысымыздың теориялық маңыздылығы – институцианалды дискурс ретінде маркетинг дисурсының зерттеу аясының кеңеюіне ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу нҽтижелерін «Салалық аударма», «PR дискурс», «Маркетинг дискурс аудармасы» секілді «Аударма ісі» оқу бағдарламасыы бойынша оқытылатын пәндер аясында оқу материалы ретінде пайдалануға болады.</jats:p>

Show More

Keywords

және дискурс талдау қолданылатын тілдік

Related Articles