Abstract
<jats:p>Мақалада бүгінгі цифрландырудың өзекті мәселесі сөз болған. Мұнда білім беру үдерісінің барлық деңгейіне жаңа екпін беретін цифрлық бағдарламаларды ендіру, оларды оқытудың жаңа цифрлық мазмұнын жетілдіру үшін қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дамытудың жаңаша әдістемелік жолдары, цифрлық технологиялардың мәні мен мазмұнын осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып айқындайды. Сонымен бірге музыка сабағының мұғалімдерін кәсіби даярлауға қажет қазақтың халық күйлерінің ноталық жазбаларының цифрлық платформалардағы қолжетімділігінің бүгінгі жағдайы талданады.«Финал» музыкалық бағдарламасы негізінде Қазақстан компо-зиторларының ноталық жазбаларын цифрландыру» атты ішкі қаржыландыру жобасының негізгі мақсаты қазақтың халық аспаптық шығармаларының (күйлердің) ноталық жазбаларын қайта теріп, таңдамалы туындылардың жинағы етіп баспадан шығару және пайдаланушыларға қолжетімді болатын мүмкіндік тудыру мәселесі айтылады. Бұл музыкалық ноталық бағдарламаныны әрбір кәсіби маман өзінің тәжірибесінде тиімді пайдалануы маңызды екеніне, бағдарламаны шағын ансамбльдер мен оркестр жетекшілерінің, дирижерлар, музыкалық шығармаларды өңдеуші мамандар, сазгерлер, музыка пәнін жүргізетін педагогтардың цифрлық оқыту үдерісінде шеберліктерін шыңдауға, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне таптырмас құрал болатынына назар аударылады. Сонымен қатар «Финал» музыкалық бағдарламасында цифрлық ресурстар қорында жоқ аспаптық шығармаларды қайта теріп, редакторлап, электрондық кітапхана қорын толықтыруды негізгі мәселе ретінде қарастырады. Бұл жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуда қазақ халқының ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен ән-күйлерінің жоғары сападағы жаңа бағдарламалары мен оқулықтарының қажеттілігі және оның маңыздылығы жайында терең талданады.</jats:p>