Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі «өлім» концептісіне талдау жасалды. Концептілік өріс құрайтын макроконцептілер мен микроконцептілер негізінде олардың танымдық мәні, этнолингвистикалық уәждері анықталды. Мұның өзі ақын өлеңдеріндегі негізгі концептілерді тану арқылы қазақ халқының танымдық табиғаты мен қазақ тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесін» түсінуге мүмкіндік береді. Шәкәрім өлеңдерінде кездесетін «өлім» концептісінің мағыналық сипаты оппозициялық қатынаста беріліп, метафоралар арқылы айшықтала түседі. Ақын тұжырымында «өлім» концептісінің мәні – адамның тіршілігін тоқтатып, өмірін үзгенімен, нағыз рухани өмірдің бастауы, «тіршіліктен оянып, көзін анық ашатын» сәт, даналық деңгейі. Шәкәрім өлеңдеріндегі «өлім» концептісін танымдық тұрғыдан талдау арқылы қазақ халқының сол дәуірдегі ой-танымы, өмір тәжірибесі, психологиясы мен жалпы мәдениетін де тани аламыз. Мақалада «Өлім» концептісінің зерттелуі мен когнитивтік сипаты талданады. Мағыналық-ақпараттық өрісі мен ақын поэзиясындағы қолданылу ерекшелігі, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер арқылы берілуі сөз болады. Сонымен бірге «өлім» концептісі аясында қолданылатын ауыспалы мағынадағы «ар-ұят», «уағда бұзу» секілді концептілер де талданады. Шәкәрім өлеңдері негізінде ұлт танымдағы өлім туралы философиялық ойлар жүйеленіп, танымдық тұрғыдан зерделенеді. Кілтті сөздер: концептілік өріс, метафора, мәдени жад, эмоция, символ.</jats:p>

Show More

Keywords

өлім мен Шәкәрім танымдық арқылы

Related Articles