Abstract
<jats:p>Мысты пирометаллургиялық өңдеу кезінде техногендік қалдықтар, атап айтқанда үйінді қождардың көп мөлшері түзіледі. Мыс қожындағы мырыш пен темір сияқты құнды компоненттердің көп мөлшерде болуына байланысты қождарды қайта өңдеу өзекті мәселе болып табылады. Дәстүрлі түрде пирометаллургиялық қайта өңдеу – мысалы күйдіру қолданылады, нәтижесінде құрамында мыс, мырыш және т.б. металдары бар қож түзіледі, ол жиналады. Мыс қождарын термиялық өңдеу нәтижесінде күрделі минералогия ие түзілімдердің пайда болуына байланысты, гидрометаллургиялық өңдеуді қолдану ең оңтайлы нұсқа болып табылады. Техногендік шикізат - үйінді қождардың заттық құрамы мен сипаттамасын анықтау кезеңі өте маңызды, себебі ол гидрометаллургиялық өңдеудің оңтайлы режимін таңдауға тәуелді, мысты тиімдірек алу реагентті таңдауға, үрдістің ұзақтығы және ерітінділеу температурасын анықтауға байланысты болады. Жоғарыда аталған факторлар үрдіске әсерін тигізеді, себебі құрамында мыс бар қождардың ашылуы қождың физикалық көрсеткіштерімен айқындалады және ол қайта өңдеудің әрі қарай сатысын анықтайды. Жүргізілген зерттеулер нятижесінде Ертіс мыс балқыту зауытның қожының құрамында жалпы мыс мөлшері 0,52 %, мырыш құрамы – 2,9 %, ал темір мөлшері 33,90 % құрайтыны анықталды. Қож сынамаларының орташа химиялық құрамы (% көл.): FeO≈43 %; SiO2≈34 %; Аl2О3≈6 %; CaO≈6 %; MgO≈1,5 %. Кілтті сөздер: мыс балқыту қожы, материалдық құрамы, мыс, мырыш, темір, қайта өңдеу.</jats:p>