Abstract
<jats:p>Мақалада жасанды интеллектінің (бұдан әрі – ЖИ) ауыл шаруашылығындағы логистиканы болжау және басқарудағы рөлі қарастырылады. Заманауи ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімді логистикалық жүйелердің қажеттілігі артып келеді, өйткені өнімдерді өндіруден тұтынушыға жеткізу процесін оңтайландыру шаруашылықтардың табысын арттыруда маңызды фактор болып табылады. Зерттеу ЖИ технологияларының, соның ішінде машиналық оқу мен деректерді талдау әдістерінің ауыл шаруашылығында логистикалық операцияларды автоматтандырудағы қолданылуы зерттеледі. Авторлар ЖИ-дің метеорологиялық деректерді талдау, егін егу мен жинау мерзімдерін анықтау, сондай-ақ өнімдерді сақтауға және тасымалдауға қатысты шешімдер қабылдаудағы тиімділігін атап өтеді. Заманауи географиялық ақпараттық жүйе құралдары әдістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді, стереофотограмметрияның көмегімен карталарды салу, аэроғарыштық кескіндер мен геодезиялық өлшеулерді жүргізу, әртүрлі әдістерді қолдана отырып оларды кез-келген картографиялық материалдармен біріктіру, сондайақ жұмыс өнімділігін арттыру деректері бар геопозициялауды және электрондық тахеометрияны тікелей географиялық ақпараттық жүйелерге түсіретін мүмкіндіктері бар. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығында логистиканы басқарудың жаңа модельдерін әзірлеуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және шығындарды азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Жасанды интеллектінің көмегімен логистикалық процестерді оңтайландыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады. Осылайша, мақала ЖИ-дің ауыл шаруашылығындағы логистикаға ықпалының зерттелуінің маңыздылығын және болашақтағы даму бағыттарын көрсетеді. Кілтті сөздер: жасанды интелект, ауыл шаруашылығы, болжау, басқару, логистика, жаңа технология.</jats:p>