Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста TiO2 жартылай өткізгіші негізіндегі құрылымдар мен әртүрлі бояғыш молекулаларының (N724, SQ) және күміс нанобөлшектерінің қатысуымен фотовольтаикалық және фотоэлектрлік қасиеттері зерттелді. Сонымен қатар, күміс нанобөлшектерінің құрылымдық, оптикалық және электрон тасымалдау процестеріне әсері талданды. SQ және Nd724 жұтылу жолақтарының максимумы сәйкесінше ~ 632 және 650 нм құрайды. Флуоресценцияның максималды қарқындылығы сәйкесінше 635 және 675 нм-де тіркелді. Титан диоксиді негізіндегі жартылай өткізгішті SQ және Nd724 бояғыштарымен сенсибилизациялау кезінде күн ұяшықтарының үлкен жарық жинау қабілеттеріне ие болды. Титан диоксидінің жұтылу қабылеті 360 нм болғантықтан бояғыштарды пайдалану тиімді және электрлік қасиеттерін арттырады. Плазмон әсерінің нәтижесінде жарық энергиясын тиімді түрлендіру үдерісі жақсарып, DSSC түріндегі күн ұяшықтарын стандартты әдіспен дайындалды, бояғыштардың және плазмон нанобөлшектерін қосу нәтижесінде жалпы тиімділігі жоғарылады. Титан диоксидінің негізіндегі күн ұяшықтарының тиімділігін арттыру электрондық тасымалын күшейту үшін, сонымен қатар күн ұяшығының тиімділігін 2,5-3,6 есе арттырды. Вольт-амперлік сипаттаманың мәніне сәйкес ең жақсы рекомбинациялық процесстің жақсы жүруін TiO2-N724/Ag күн ұяшығы көрсетті(Jsc,мА/см2=1.94). П.Ә.К. 3,62 есе жоғарлайды.</jats:p>

Show More

Keywords

және күн негізіндегі Титан жартылай

Related Articles