Abstract
<jats:p>Мақалада инклюзивті білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың өзектілігі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда қолайлы жағдай жасау және олардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударылған. Атап айтқанда, CircuitLab, PhET және Narakeet.com сияқты цифрлық платформалардың физика пәнін оқытудағы рөлі мен артықшылықтары нақты мысалдармен талданып, олардың оқыту сапасын арттыруға, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, танымдық белсенділігін дамытуға қосатын үлесі сарапталады. Сонымен қатар, автор әзірлеген жаңа танымдық үстел ойыны – «Менің физика әлемі» жобасы ұсынылып, оның инклюзивті ортадағы оқушылар үшін қолданбалы маңыздылығы сипатталады. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беруде цифрлық шешімдерді кешенді әрі жүйелі түрде енгізу білім беру сапасын арттыруға ықпал ететінін дәлелдейді. Мақалада ұсынылған әдіс-тәсілдер инклюзивті сынып жағдайында оқыту процесін жекелендіруге және оқушының қабілетіне сай білім беруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері педагогтерге жаңа әдістемелік бағыт ретінде қызмет етуі мүмкін. Сонымен қатар, цифрлық ресурстарды қолдану оқыту процесін визуализациялауға, күрделі физикалық құбылыстарды көрнекі түрде түсіндіруге жағдай жасайды. Бұл оқушылардың пәндік сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілетін де дамытады. Кілтті сөздер: инклюзивті білім беру, цифрлық технология, әдіс-тәсілдер, физика, үстел ойыны.</jats:p>