Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Абай облысының тарихи-мәдени мұрасы аймақтық туризмді дамытудағы маңызды фактор ретінде қарастырылады. Абай өңірі – тарихи ескерткіштерге, археологиялық жәдігерлерге, сәулет өнерінің үлгілеріне және қазақ халқының рухани мұраларына бай аймақ. Зерттеудің негізгі мақсаты – облыстың тарихи-мәдени әлеуетін айқындап, оны туризм индустриясын дамытуда тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету. Негізгі бағыттары – тарихи-мәдени объектілердің жағдайын талдау, туризм саласындағы даму мүмкіндіктерін бағалау және аймақтық туризмді тұрақты дамытуға ықпал ететін ұсыныстарды жасау. Жұмыс барысында сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық-типологиялық және статистикалық әдістер қолданылды. Әдеби деректерді жүйелеу мен әлеуметтік зерттеу тәсілдері де пайдаланылды. Ғылыми және практикалық тұрғыдан зерттеу жұмысының маңыздылығы – аймақтағы тарихи-мәдени мұралардың қазіргі жағдайын анықтап, олардың туризм индустриясындағы орнын айқындауында. Мақалада SWOT және PEST-талдау нәтижелері көрсетіліп, Абай облысының туризм саласындағы артықшылықтары мен әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қатерлері сараланды. Бұл зерттеу мәдени туризмді дамыту саласына үлес қосады, себебі ол аймақтың тарихи-мәдени мұрасын кешенді тұрғыда бағалап, ғылыми негізделген ұсыныстар береді. Практикалық маңызы – ұсынылған шараларды жүзеге асыру арқылы аймақтық туризмді дамытуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға қол жеткізуге болады. Кілтті сөздер: Абай облысы, мәдени мұра, рекреация, ресурс, туризм, экономика, индустрия, әлеует</jats:p>

Show More

Keywords

және тарихимәдени туризм Абай туризмді

Related Articles