Abstract
<jats:p>Бұл мақала астық өңдеу өнеркәсібінің шағын кәсіпорындарында мақсары майын өндіруге арналған эксперименттік бұрандалы пресс конструкцияларын әзірлеуге арналған. Май саласының өзектілігі, оның ішінде Қазақстанда және әлемде мақсары майының танымалдылығының арту белгілері баяндалған. Шнекті престе майлы материалды сығу процесін әзірлеу үшін теориялық талдау қарастырылады. Оңтайлы қысым реттегіш механизм арқылы престеу жабдығын жетілдіруде өнімділік пен престеу қысымның үйлесімді өзара қатынастарында майды тиімді бөлудің математикалық модельдеу жүйесі ұсынылды. Математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, дисперсті материалдан сұйық фазаны айналдыру мәселесі сипатталған және шешілген. Сондай-ақ, пресс жабдығының принципиалдық схемасы және сипаттамалары және оның жұмыс істеу принципі келтірілген. Престеу процесін жетілдірудің тәуелділігін әртүрлі құрылмалық және анықталған параметрлердің қатынастары арқылы сипатталып, оңтайлы параметрлері тәжірибе жүзінде зерттелді. Престеу процесін теориялық есептеудің ұсынылған әдістемесі оңтайлы параметрлерді анықтауға және ұсынылған жұмыс органының конструкциясын қолдана отырып, мақсары майын престеу әдісімен сығуға мүмкіндік береді. Престеу процесін қарқындату жолдары теориялық және тәжірибелік зерттеулер арқылы анықталды. Нәтижелер ғылыми-зерттеу орталықтарында және өсімдік май өндірістерінде мақсары майын өндірудің тиімді жолдарын қарастыруда пайдалануға болады. Кілтті сөздер: жабдық, пресс, шнек, зеерлі цилиндр, мақсары, сығу, өсімдік майы.</jats:p>