Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>"Мақалада Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Ақылды» және «Надан» концептілеріне қатысты тілдік бірліктер, сөздер мен сөз тіркестері, мәтін элементтері лингвоконцептологиялық тәсілдеме тұрғысынан талдауға түседі. Лингвоконцептологияның негізгі бірлігі ретіндегі концептінің ерекшеліктері сараланады. Абай шығармашылығы арқылы оның дүниетанымы, санасынан орын тепкен әлем бейнесі, ол өскен ортаның шындық болмысты қабылдау ерекшеліктері көрініс тапқан. Лингвоконцептология тәсілдемесі негізінде Абай шығармашылығыдағы «Адам» макроконцептісінің аясына кіретін «Ақылды» және «Надан» концептілерінің семантикалық өрісі анықталды. Абайдың тілдік әлемінде «Ақылды» концептісі ақылды, ғалым, білімді, есті, ер, хаким сияқты т.б. лексемалары арқылы жарыққа шығып отырған. Ал «Надан» концептісі білімсіз, қырсық, шәргез, мақтаншақ, ақылсыз, қайғысыз сияқты т.б. лексемалармен берілген. Сонымен бірге «Ақылды» мен «Надан» концептілері түрлі атрибуттары арқылы мәнмәтіндік деңгейде көрініс тапқан. Абай белгілі бір лексемаға жалпыхалықтық тілдегіден басқа мағына үстеген кезде, кеңінен түсініктеме беріп, ұғымын тереңдетіп отырғаны анықталды. Бұл жағдайды біз ер – зат есімін талдау барысында анық байқадық. Абайдың көптеген өлеңдерінде «Ақылды» және «Надан» концептілері бір-біріне қарама-қарсы қойылып, мағыналары барынша терең әрі жан-жақты ашылған. Абай шығармашылығында концептілер өзара тығыз байланыста болғандықтан, оларды өзара байланыста қарап, кешенді түрде зерттеудің қажеттігі көрінді. Кілтті сөздер: лингвоконцептология, концепт, Абайдың тілдік әлемі, «Ақылды», «Надан», әлемнің тілдік бейнесі."</jats:p>

Show More

Keywords

Ақылды Надан Абайдың тілдік Абай

Related Articles