Abstract
<jats:p>Мақалада зерттелгелі отырған өзекті тақырып – қазақ халқымен туыс Солтүстік Кавказ өңіріндегі түркі тектес қарашай және балқарлардың фольклорлық драматургиялық театрландырылған ойындарындағы салт-дәстүр көріністері, сахна өнерінің бастауы және даму ерекшеліктері қарастырылады. Ауыз әдебиеті мұраларындағы алғашқы драмалық элементтер, қолжазба және қазіргі пьесаларының көркемдік шеберлігі мен идеясы және қазақ халқымен мәдени-рухани байланысы, интеграциясы, ұлттық-этникалық идеялар парадигмасы зерделенеді. Солтүстік Кавказ аймағындағы түркі халықтарының драматургиясы мен театр өнерін зерттеу бірінші рет тарихи-мәдени, хронологиялық, аумақтық, халықаралық ынтымақтастық, пәнаралық негізде жүйелі жұмыстың нәтижесінде жүзеге асады. Қарашай, балқарлардың драмалық шығармаларына, сахналық қойылымдарына, рольдерде ойнаған алғашқы дала актерларының шеберлігі де арнайы сөз болады. Қолжазба пьеса мәтіндері драматургия заңдылығымен талданады. Драмалық туындылардың таралу ауқымын, сонымен қатар қолжазба пьесаны алғаш көшірушілер мен оны оқушылар, сахналану ортасы да анықталады. Алғашқы пьесаларының қай тілде жазылып немесе түпнұсқадан көшірілген қолжазбасын тауып, кейінгі нұсқаларымен және туыстас қарашай, ноғайлардың драмалық шығармаларымен салыстыру арқылы зерделенеді, көркемдік тұрғыдан шеберлігі танылады. Қарашай-балқарлардың қолжазба сахналық қойылымдары мен қазіргі кәсіби театр өнері жаңа ғылыми парадигма негізінде салыстырмалы түрде зерттеледі. Кілтті сөздер: қарашай, балқар, театртану, түркі халықтарының драматургиясы, түркі фольклоры, кавказдағы түркілер, өнертану.</jats:p>