Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Жұмыста бұрын жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері негізінде қорғасын, мырыш бар шаңды кешенді қайта өңдеуге арналған хлорлау технологиясының жалпы тұжырымдамасы тұжырымдалып, технологиялық схема жасалып, технологияның экономикалық тиімділігі бағаланды. Технологияға сәйкес, магниттік сепарация арқылы магниттік фракция шаңнан бөлініп, құрамында темірі жоғары (~70 %) темір бар өнім алынады. Құрамында мырыш пен қорғасынның көп мөлшері бар магниттік сепарациядан кейін алынған шаңның магниттік емес фракциясы бірінші кезеңде аммоний хлоридімен бірге төмен температуралы күйдіруге (450–500 °С) ұшырайды, одан тауарлық қорғасын возгондары мен мырыш концентрациясы бар клинкер алынады. Екінші кезеңде клинкерді кальций хлоридімен бірге жоғары температуралы күйдіру (850–900 ° С) арқылы мырышты 98 %-ға дейін возгонға жоғары бөліп ала отырып мырыш мөлшері жоғары тауарлық өнімді (47,7 % Zn) алу жүзеге асырылады. Қара металлургия шаңын кәдеге жарату бойынша әзірленген технологияның оң нәтижелері негізінде тауарлық өнімдерді ала отырып экономикалық тиімділік есептеулері жүргізілді. Алдын ала бағалау бойынша, тәулігіне 10 тонна шаңды өңдеудің нақты өнімділігі кезінде жылдық экономикалық тиімділік жылына 4 483 521,3 АҚШ долларын құрады. Кілтті сөздер: шаң, қорғасын, мырыш, төмен температуралы күйдіру, жоғары температуралы күйдіру, возгондар, бөліп алу, экономикалық тиімділік.</jats:p>

Show More

Keywords

мырыш жоғары бар экономикалық магниттік

Related Articles