Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста Parmelia sulcata (P. sulcata) қынасының құрамындағы биологиялық белсенді заттарға (ББЗ) сапалық талдау жүргізілді. Стандартты сапалық талдау әдістері арқылы қына экстрактысының құрамында флавоноидтар, кумариндер, фенолдық қосылыстар, сапониндер және иілік заттар сияқты негізгі ББЗ кешенінің бар екендігі расталды. Алынған оң нәтижелер: флавоноидтардың болуы (ерітіндінің сары және қоңыр түске боялуы) флавондар, флавонолдар, халкондар мен аурондардың бар екенін айғақтайды. Кумариндерге жүргізілген лактонды сынаманың оң нәтижесі бұл қосылыстардың фармакологиялық құндылығын көрсетеді. Фенолдық қосылыстар мен иілік заттардың (таннидтердің) болуы P. sulcata-ның антиоксиданттық және айқын микробқа қарсы қасиеттерін тікелей негіздейді. Сапониндерге жүргізілген реакциялардың нәтижесіндегі тұрақты көбік және қызыл түстің пайда болуы олардың тритерпеноидты табиғатын дәлелдейді. Сонымен қатар, антрацен туындылары мен алкалоидтарға жүргізілген сынамалардың теріс нәтиже көрсетуі P. sulcata химиялық құрамының өзіндік ерекшелігін және салыстырмалы түрде қауіпсіздігін (осы топтағы потенциалды токсикалық қосылыстардың жоқтығын) білдіреді. Осы зерттеу нәтижелері P. sulcata құрамында антиоксиданттық, қабынуға қарсы және адаптогендік әсерлері бар ББЗ-ның елеулі мөлшерде жиналғанын дәлелдейді. Анықталған фитохимиялық профиль P. sulcata-ны дәрілік шикізат ретінде ғылыми тұрғыдан негіздеп, оның отандық фармацевтикалық және биотехнологиялық өндірісте жаңа, табиғи және функционалды қоспалар көзі ретінде қолданылу әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Кілтті сөздер: Parmelia sulcata, биологиялық белсенді заттар, сапалық талдау, флавоноидтар, кумариндер, сапониндер, фенолдық қосылыстар.</jats:p>

Show More

Keywords

және sulcata сапалық талдау қосылыстар

Related Articles