Abstract
<jats:p>Мақалада Ілияс Жансүгіровтің өлеңдері мен поэмаларында кездесетін антропонимдік атаулар жинақталып, олардың көркем шығармадағы рөлі мен тарихи-этимологиялық шығу төркіні, уәжділігі мен семантикалық қабаттары жан-жақты қарастырылды. Әрбір есімнің мағыналық негізі, мәдени-тарихи арқауы зерттеліп, ұлттық тілдік санадағы орны сипатталды. Ақын қолданған кісі есімдері халқымыздың дүниетанымымен, салт-дәстүрімен, этнографиялық болмысымен тығыз байланысты екендігі талданды. Кісі есімдері мазмұндық тұрғыдан бірнеше бағыт бойынша қарастырылды: түрлі наным-сенімдерден туындаған есімдер; тіл-көз бен түрлі жамандықтан қорғау мақсатында қойылған кісі аттары; үзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеуге байланысты қойылған есімдер; төрт түлік мал, жабайы аңдар мен құстарға байланысты антропонимдер; асыл металдар мен қымбат зат атауларынан туындаған есімдер; әлеуметтік топтар мен этникалық құрамды бейнелейтін ру атауларынан өрбіген антропонимдер. Мұндай жіктеу ақын шығармаларындағы антропонимдердің тек тілдік емес, сонымен қатар мәдени, тарихи және дүниетанымдық қырларын ашуға мол мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде І. Жансүгіровтің поэзиясындағы антропонимдер қазақ халқының дүниетанымы мен әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің айнасы екендігі айқындалды. Ақын пайдаланған есімдер арқылы ұлттық тарих, этнолингвистикалық таным және рухани құндылықтар көрініс табатыны дәлелденді. Осы орайда, Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы антропонимдер қазақ ономастикасының көркемдік өрісін кеңейтіп, ұлттық мәдениет пен рухани мұраның байланысы мен сабақтастығын айқын танытатын құнды тілдік-мәдени дерек көзі екені танылды. Кілтті сөздер: антропоним, ономастика, этимология, кісі есімдері, ұлттық дүниетаным, этнолингвистика.</jats:p>