Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Халық ақындары әрі эпикалық ақын, әрі ақын-импровизатор, дана жыршы және дастаншы ретінде қызмет атқарды. Олар өнер шебері ретінде азаматтық және саяси поэзияның дамуына үлес қосты. Халық ақындарының ұлылығы оның ақындық шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге оның халық поэзиясындағы жаңа ағымның жаратушысы, халық ақындарының шығармашылық рухын парасатпен жандандырушы болғанында. Олардың сөздері халық үні болды, заман тынысы мен мүддесінің жыршылары болды. Халық ақындары жыршы-дастаншылардың терең эпикалық дәстүрлерін жаңа арнаға айналдырып, ежелгі қазақ суырып салма өнерінің жаңа қырларын ашты, оларға жаңа мазмұн берді. Аталмыш мақалада әдебиеттану тарихында шығармашылықтары фольклордан бастау алатын ХХ ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы мен өздерінің өңірлік фольклорлық қазынасын және ән шырқау мақамының дәстүрін, сондай-ақ шынайы суырыпсалма ақындық өнерлерінің Бекмұрат Уахатовтың зерттелуіндегі ерекшеліктері туралы мәселе қарастырылады. Қазақ даласының әр түкпіріндегі халық ақындары шығармашылығын қамти зерттеген ғалымның назарынан Кенен Әзірбаев, Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Омар Шипин, Нұрқан Ахметбеков, Нұрлыбек Баймұратовтардың шығармашылықтарының ерекшеліктері туралы жазылған ғылыми тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау жасалынады. Халық ақындарының шығармашылық көркемдік табиғатын танытудағы ғалымның ғылыми ұстанымы танытылады. Кілтті сөздер: фольклор, халық өлеңдері, халық ақындары, фольклорлық сипат, жыршы, жырау, көркемдік ерекшелік.</jats:p>

Show More

Keywords

халық Халық ақындары ақындарының жаңа

Related Articles