Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақ пен қырғыз халықтары – ежелден тағдырлас, мәдениеті мен тарихы сабақтас туыс жұрт. Олардың әдеби және фольклорлық дәстүрлеріндегі ұқсастық – ортақ рухани байланыстың көрінісі. XVIII ғасыр хандар мен батырлар, XIX ғасыр ақындар дәуірі болды. 1916 жылғы патша өкіметінің «25 июнь» жарлығы қазақ және қырғыз халықтарының ұлт-азаттық көтерілісіне себеп болды. Бұл оқиға екі елдің ақын-жазушылары шығармаларында кеңінен бейнеленіп, отарлық езгі, жер мен судан айрылу, әлеуметтік теңсіздік сияқты мәселелерді ашып көрсетті. Арыстанбек Бұйлашұлы мен Албан Асан секілді ақындар заманды діни аңыздардағы «ақырзаман» белгісімен сипаттады. 1916 жылғы тарихи оқиғаларды терең зерттеу мен екі халық ақындарының шығармаларын салыстыра талдау — сол дәуір шындығын тануға және ортақ тарихи жадты жаңғыртуға мүмкіндік береді. Мақалада сол дәуірді бастан кешірген қазақ және қырғыз ақындарының 1916 жылға арналған жыр-дастандары талданып, тарихи шындықтың көрінісі, көтерілістің себептері мен нәтижесі, сондай-ақ екі халық шығармаларындағы ортақ және айрықша сипаттар салыстыра зерттелді. Зерттеу барысында 1916 жыл оқиғасына қатысты жарық көрген негізгі дереккөздер пайдаланылды, талдау барысында қазақ және қырғыз халық ақындарының шығармалары негізінде тарихи жағдай мен қоғамдық-саяси мәселелер зерделенді. Кілтті сөздер: 1916 жыл, ұлт-азаттық көтеріліс, ақындар шығармашылығы, үркін, босқын, айырмашылық, ұқсастық, өзіндік ерекшелігі</jats:p>

Show More

Keywords

мен және 1916 қырғыз тарихи

Related Articles