Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада адамның рухани әлемі, ішкі дүниесі, оның дүниетанымының негізі талданады. Адамның рухани әлемі, оның дүниетанымы өмірдегі прогрестің векторын таңдауға мүмкіндік беретіні туралы айтылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары талданады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы еңбек, білім тақырыбы қарастырылып, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы зерделеген тұжырымдарына талдау жасалады. Ғалымның шығармалары қазақ тарихы, шежіресі, ауыз әдебиеті үшін құнды әрі негізгі дерек көздері болып табылатындығын, әрі ол еңбектер тарихты танумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, соның көмегімен бүгінгі және келер ұрпақты салиқалы етіп тәрбиелеуге көмектесетін құрал болатындығы туралы терең ойлар айтылып, талдау жасалып, зерделенеді. Қазақ ойшылдарының танымдық шығармашылығының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері өз халқының тағдырын жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған жаңа қағидаттар мен идеяларды ұсынумен байланысты болды. Мақалада қазақ жазушы-ойшылдары ұлттық дәстүр үшін ғана емес, әлемдік этикалық ойдың қазынасын толықтыра отырып, оның шегінен асып түсетін күрделі экзистенциалдық мәселелерді тұжырымдады деген қорытындыға келеді. Кілтті сөздер: рухани-адамегршілік құндылықтар, құндылық бағдарлары, ұлттық құндылықтар, жеке тұлға, рухани әлем, туындылар, шығармалар, халық мұрасы.</jats:p>

Show More

Keywords

рухани оның туралы қазақ мен

Related Articles