Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>"Синкреттік өнер туындысына айналған фольклор – қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен ұлттық болмысын көрсететін мол мұралардың бірі. Ежелден қазақ жұрты ауыз әдебиетінен сусындап, жас ұрпақтың тәрбиесі мен болашағына әсерін тигізіп отырған. Ертегілер мен аңыздардан бастап эпикалық поэмалар мен мақал-мәтелдерге дейін әртүрлі жанрларды біріктіре отырып, қазақ фольклоры білім мен тәжірибені берудің, сондай-ақ бірегейлікті қалыптастырудың маңызды құралына айналды. Өмірге келген нәресте жер қойнына табысталғанға дейінгі ғұмыры ұлттық салт-дәстүр негізінен бастау алса керек. Осынысымен де қазақ жұртының өмірлік дастаны фольклор саласымен тығыз байланыста. Халқымыздың мол мұрасына айналып отырған ұлттық дәстүр сабақтастығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеп, игілікті істерді атқарып жүрген ғалымдар да баршылық. Олардың еңбектері қазақ ауыз әдебиетін сақтап қана қоймай, оны жаңа ұрпақ пен кең аудиторияға қолжетімді ете отырып, оны насихаттауға көмектеседі. Осы саланың көрнекті өкілдерінің бірі – фольклоршы, халық даналығын зерттеуші, қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, сақтауда маңызды рөл атқарған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің зерттеушілік еңбегіндегі фольклордың ұсақ жанрларының бірі мақал-мәтелдердің алатын орны қарастырылған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев халық мақал-мәтелдерін зерттеп, жинай отырып, оларды қағазға түсіріп қана қоймай, олардың философиялық-идеялық аясын ашып, терең талдау жүргізді. Бұл мақал-мәтелдер ақынның зерттеу тәжірибесінің маңызды элементі болып, ауыз әдебиетінің халық даналығы мен мәдени дәстүрді зерттеудегі маңызды дереккөз ретінде көрсетіледі. Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеев жинаған мақал-мәтелдердің мағыналық мазмұнын анықтап, әртүрлі тақырыптарға қарай топтастыру мақсатында талданады. Бұл тәсіл халық даналығының қазақ халқының философиялық-этикалық ой-пікірлерімен қатар әлеуметтік және мәдени шындықтарды қалай бейнелейтінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: Мәшһүр Жүсіп, фольклор, халық даналығы, мақал-мәтел, мәдени мұра. "</jats:p>

Show More

Keywords

қазақ мен ауыз халық маңызды

Related Articles