Abstract
<jats:p>Бұл мақалада туризм бағытындағы арнайы экономикалық аймақтарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – әлемдегі және Қазақстандағы туристік арнайы экономикалық аймақтарды тиімді басқарудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттей отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін анықтау және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері: арнайы экономикалық аймақ ұғымының мәнін ашу, туристік арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі жағдайына талдау жасау, шетелдік тәжірибені салыстыру, және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында жүйелі талдау, салыстырмалы әдіс, статистикалық деректерді талдау, сонымен қатар күшті, әлсіз жақтары мен қауіп-қатерлері мен мүмкіндіктерін бағалау бойынша SWOT-талдау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде туристік арнайы экономикалық аймақтарды басқарудағы негізгі проблемалар, оның ішінде мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігі, маркетингтің шектелуі және инфрақұрылымдық кедергілер анықталды. Цифрландыруды, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды және құқықтық базаны жетілдіруді қоса алғанда, басқарудың тиімділігін арттыру үшін бағыттар ұсынылды. Алынған нәтижелер туристік арнайы экономикалық аймақтарды басқару механизмдерін жетілдіруге және олардың аймақтық дамуға қосар үлесін арттыруға бағытталған ұсыныстарды негіздеуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: арнайы экономикалық аймақтар, туристік инфрақұрылым, мемлекеттік басқару, өңірлік даму, инвестициялық саясат, туризм, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік</jats:p>