Abstract
<jats:p>Мақалада Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» шығармасы талдау нысаны ретінде алынған. Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» еңбегінің зерттелуіне шолу жасалады. Сонымен қатар мақалада тезаурус ұғымына анықтама беріледі. Тезаурус тек образды сөздердің мағыналары мен мазмұны ғана емес, бұл ең алдымен тілдегі сөздері мен өрнектері екендігі айтылады. Тезаурус тіл үйрену үшін ғана қажет емес, тезаурустық зерттеулер адамның тіл арқылы сыртқы ақпараттық кеңістікке қалай шығатынын түсіну мүмкіндігі екендігі, тілді игеру барысында қалыптасатын әлемнің тілдік бейнесі белгілі бір адамнан тыс сөздер түріндегі тезаурустың нәтижесі екендігі талдау барысында айқындалады. Шәкәрім мұрасы кеңінен қарастырылып жатса да, әлі де зерттелмеген аспектілері бар екендігі айтылады, ғалым шежіресіндегі жер-су атаулары және оған қатысты аңыздар талданады. Мақалада әдебиеттану және тіл саласындағы бұрыннан қалыптасқан білім саласына «жаңа парадигма» ретінде әрекет ететін және қарқынды дамып келе жатқан тезаурустық тәсілді қолдана отырып, Шәкәрімнің еңбегінде кездесетін жер-су атауларына тезаурустық талдау жасалған. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» еңбегіндегі жер-су атауларына тезаурустық талдау еліміздің жер-су атауларының этимологиясын білу, атаулардың қойылу себептерін анықтау арқылы еліміздің тұрмыс тірішілігін, салт-дәстүрі мен ұлттық танымын білуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: тезаурус, шежіре, әдебиет, тарих, топонимика, этимология, терминология, мифология.</jats:p>