Abstract
<jats:p>Бұл мақалада тұрғын үй жарнамасының лингвистикалық аспектісін көрсету мақсатында қазақстандық құрылыс компанияларының ресми сайттарындағы және Instagram парақшаларындағы тұрғын үй кешендердің жарнамалық мәтіндеріне кешенді талдау жүргізілді. Тұрғын үй маркетингінің құрамдас бөлігі болып табылатын тұрғын үй кешендерінің әр санатына байланысты жазылатын жарнама мәтіндерінің тілдік ерекшеліктеріне, тілдік әсер ету амалдарына тоқталдық. Тұрғын үй жарнамасы тұтастай алғанда маркетинг концепциясына сәйкес келеді. Жарнамалық бейне тұтынудың стандартты шеңберінен шығып, өзі жаңа коммуникацияны құрайды. Бұл маркетингілік коммуникацияда маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – тұрғын үй жарнамалық мәтіндерді талдау арқылы олардың тілдік ерекшеліктерін анықтау. Мақалада жалпы ғылыми әдістер – жаппай іріктеу, салыстыру және антропоөзектік парадигма әдіснамасына сәйкес келетін – стилистикалық талдау, тілдік әсер ету, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде құрылыс компанияларының ресми сайттарындағы және Instagram парақшаларындағы жарнамалық пост-мәтіндері пайдаланылды. Құрылыс компаниясының қоғамдағы табыстылығының бірден-бір көрсеткіші ретінде қазақстандық тұрғын үй кешендері атауларының арасында кездесетін фондық білімге негізделген прецеденттік атаулардың прагматикалық әсері қарастырылады. Сонымен қатар құрылыс компанияларының жобаларында кездесетін авторлық терминдер және тұрғын үй кешендері атауларының сатып алушының тілдік санасында ассоциация тудыру мәселесіне тоқталып өттік. Кілтті сөздер: жарнамалық мәтін, жарнама бейнесі, тілдік әсер ету, маркетинг дискурсы, сәулет-құрылыс дискурсы.</jats:p>