Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақала Қазақстан Республикасындағы бұйрықтық іс жүргізу институтын азаматтық іс жүргізуді жаңғырту жағдайында жан-жақты зерттеуге арналған. Онда сот бұйрығын қолданудың нормативтік-құқықтық негіздері, оның жеңілдетілген рәсімдер жүйесіндегі орны, сондай-ақ даусыз талаптарды жедел және тиімді шешуге бағытталған рәсімдік ерекшеліктері қарастырылады. Бұйрықтық іс жүргізудің талап қою өндірісіне қарағанда артықшылықтарына, оның жеделдігіне, сот жүктемесін азайтуға, үнемділігіне және азаматтық айналымға қатысушылардың кең тобы үшін қолжетімділігіне ерекше назар аударылады. Зерттеуде борышкердің құқықтарын қорғау тетіктері, негізсіз немесе даулы талаптар бойынша сот бұйрығын шығаруға жол бермеу кепілдіктері, сондай-ақ тараптарды тиісінше хабардар етпеу, қарсылық білдіру мүмкіндіктерінің шектеулілігі және өндiрiп алушының өтінішін алдын ала тексеру сапасын арттыру қажеттілігіне қатысты құқық қолдану тәжірибесіндегі мәселелер жан-жақты талданады. Сонымен қатар, Германия, Ресей және Франция модельдерімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, сот жүйесін цифрландыру және электрондық сервистерді енгізу жағдайында бұйрықтық іс жүргізудің трансформациялану бағыттары айқындалды. Зерттеу қорытындысы бойынша талаптар тізбесін кеңейту, рәсімдерді автоматтандыруды арттыру, тараптардың іс жүргізушілік кепілдіктерін күшейту және ұлттық заңнаманы тиімді сот төрелігі халықаралық стандарттарымен үйлестіру бойынша ұсыныстар берілген. Кілтті сөздер: сот бұйрығы, бұйрықтық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу, жеңілдетілген рәсімдер, даусыз талаптар, құқықтық жаңғырту, борышкердің құқықтарын қорғау, сот жүйесін цифрландыру, құқық қолдану тәжірибесі, салыстырмалы құқықтық талдау, сот төрелігінің тиімділігі.</jats:p>

Show More

Keywords

сот іс және бұйрықтық жүргізу

Related Articles