Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Аддитивті технологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелерінің бірі – оны стандартты бүдірлі болат арматуралық сырықтармен арматуралау болып тұр. Стандартты бүдірлі болат арматуралық сырықтардан автоматты режимде арматуралық тор жасау үшін арнайы автоматты арматуралаушы механизм жасалды. Автоматты арматуралаушы механизм арматуралық сырықтарды көлденең және тік бағытта орналастырып, оларды өзара байланыстыру үшін нүктелі түйіспелі дәнекерлеуді қолданады. Нүктелі түйіспелі дәнекерлеу кезінде жылу мыстан жасалған электродтар арқылы дәнекерленетін тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтарға беріледі. Дәнекерлеу үрдісі өте жылдам жүретіндіктен дәнекерленіп жатқан тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтардың қызуы мен сууын визуалды бақылау мүмкін емес. Тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтардың қанша температураға дейін қызатынын анықтау үшін және олардың қызуы мен суу уақытын нақты білу үшін InfraTec VarioCAM HD head деп аталатын жоғары ажыратымдылықтағы тепловизор қолданылды. Бұл тепловизор дәнекерленген арматуралық сырықтар 0,5 секунда 150 оС-ден астам градусқа қызып, тек 49 секундтан кейін барып 37,9 оС-қа дейін суыйтынын көрсетті. Бұл дәнекерленген арматуралық сырықтарды суыту үшін автоматты арматуралаушы механизмге қосымша суыту жүйесінің қажеттігін көрсетті. Кілтті сөздер: аддитивті технология, стандартты болат арматура, аддитивті технологиядағы арматуралау, арматуралық тор, арматуралаушы механизм.</jats:p>

Show More

Keywords

арматуралық үшін және арматуралаушы көлденең

Related Articles