Abstract
<jats:p>Мақалада күміс нанобөлшектерін (Ag НБ) синтездеу әдістері, олардың физика-химиялық қасиеттері жан-жақты зерттелген. Негізгі үш әдіс ұсынылған: натрий боргидридімен тотықсыздандыру, тұрақтандырғыш ретінде поливинил спирті (ПВС) мен поливинилпирролидонды (ПВП) қолдану. Әрбір әдіс үшін реакция жағдайлары, соның ішінде реагенттердің концентрациясы, температура және процестің ұзақтығы сипатталған. Алынған нанобөлшектердің кілтті сипаттамалары, мысалы, өлшемдері, тұрақтылығы және спектрлік қасиеттері зерттелді. Боргидрид әдісімен алынған нанобөлшектердің диаметрі 10–14 нм аралығында болып, тұрақтылығы 7 күнге дейін сақталатыны анықталды. ПВС және ПВП қолдану нәтижесінде тұрақтылық мерзімі жарты жылға және одан да көп уақытқа ұзартылғаны көрсетілді. Локализацияланған беттік плазмон резонансының (ЛБПР) оптикалық сипаттамалары спектрофотометриялық өлшеулер арқылы расталды, ал бөлшектердің өлшемдік таралуы ZetasizerNano S90 құралының көмегімен зерттелді. Сонымен қатар, электрөткізгіштік қасиеттері зерттеліп, боргидрид әдісімен алынған бөлшектердің электрөткізгіштігінің жоғары екені (863 мСм/см) анықталды. Бұл қасиеттері нанобөлшектерді электроникада қолдануға болатынын көрсетеді. Синтез әдістерінің салыстырмалы талдауы ПВС және ПВП тұрақтандырғыштарының нанобөлшектердің агрегаттық тұрақтылығын арттырып, олардың ұзақ уақыт қолданылуына мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Бұл зерттеудің нәтижелері нанобөлшектерді медицинада, биотехнологияда және электроникада қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады. Кілтті сөздер: күміс нанобөлшектері, боргидрид әдісі, полиол әдісі, электрөткізгіштік, спектрофотометрия, агрегаттық тұрақтылық, беттік плазмондық резнонанс.</jats:p>