Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық орта жағдайында эмоционалдық тұрақтылығын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, эмоционалды тұрақтылық критерийлерін тұжырымдайды. Эмоционалды тұрақтылық педагогтің кәсіби тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады, бұл білім беру процесінің басқа қатысушыларының эмоционалды жағдайын және өзіндік эмоционалды күйін бақылауға, түрлі қиын жағдайларда өнімділіктің жоғары деңгейінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға, педагогтің стресс факторларының әсерінен кейін де жайлы эмоционалды күйді сақтау қабілетін реттеуге көмектеседі. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде білім беру процесін ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қазіргі мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да әрбір педагогтің цифрлық құралдарды таңдай алуы және пайдалана білуі маңызды. Бұл өз кезегінде педагогтің стресс факторларын жоғарылататыны анықталған. Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне жүргізілген авторлық сауалнаманың нәтижелері анықталған. Саулнама нәтижесі бойынша цифрлық орта жағдайында эмоционалды тұрақтылықты дамытудың жолдары мен әдістері ұсынылып, оларға сипаттама берілген. Бұл ұсыныстар болашақ педагогтерге эмоционалды тұрақтылықты дамытуға ғана емес, сонымен қатар балалар үшін үйлесімді және өнімді білім беру ортасын құруға көмектеседі. Кілтті сөздер: болашақ педагогтер, эмоционалды тұрақтылық, цифрлық орта, эмоционалды тұрақтылық критерийлері, өзін-өзі реттеу, рефлексия.</jats:p>

Show More

Keywords

эмоционалды білім болашақ дейінгі цифрлық

Related Articles