Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің цифрлық ортадағы мінез-құлқының этикалық аспектілері жан-жақты әрі толық қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты — болашақ педагогтердің ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі мінез-құлқын анықтау және талдау. Атап айтқанда, академиялық адалдықты сақтау деңгейі, медиасауаттылықты дамыту, киберэтикет қағидаларын сақтау, сондай-ақ жеке деректерді қорғау тәжірибесі зерттелді. Зерттеу барысында сауалнама, жартылай құрылымдалған сұхбаттар және контент-талдау әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, педагогикалық мамандықтардағы студенттердің цифрлық ортадағы этикалық нормаларды сақтау деңгейі төмен, әрі бірқатар маңызды мәселелер кеңінен таралған. Атап айтқанда, академиялық адалдықты сақтамау, жалған ақпарат тарату, жеке деректерді қорғауға немқұрайлы қарау, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кибербуллинг пен дөрекі мінез-құлық жиі кездеседі. Бұл жайттар болашақ педагогтердің кәсіби этикасы мен цифрлық мәдениетін арттыру қажеттігін көрсетеді. Мақалада оқу бағдарламаларына цифрлық этика мен медиасауаттылық бойынша арнайы пәндерді енгізу, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ студенттерге арналған әлеуметтік желілерде мінез-құлық кодексін әзірлеу ұсынылады. Сонымен қатар, зерттеу цифрлық ортада болашақ педагогтердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды қамтиды. Мақаладағы материал қазіргі заман талаптарына сәйкес педагогтерді жан-жақты даярлауға әдістемелік негіз қалыптастырады және цифрлық этика мәселелерін кешенді шешудің қажеттілігін дәлелдейді. Кілтті сөздер: цифрлық кеңістік, цифрлық этика, академиялық адалдық, медиасауаттылық, киберэтикет, цифрлық мәдениет.</jats:p>

Show More

Keywords

цифрлық мен болашақ педагогтердің әлеуметтік

Related Articles