Abstract
<jats:p>Мақалада салалардың халықаралық вертикалды даму тәжірибесі және оны Қазақстанның экономикалық жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылады. Тік интеграцияның, цифрлық трансформацияның және инновациялардың орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі және бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы негізгі рөлі атап өтіледі. Зерттеу мақсаты Германия, Оңтүстік Корея және АҚШ сияқты елдерде іске асырылған вертикалды дамудың табысты стратегияларын салыстырмалы талдауға бағытталған және оларды Қазақстанның мұнай-газ саласында қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Мақалада салыстырмалы талдау және әдеби шолу сияқты аралас әдіснамалық тәсілдер қолданылып, табысты бейімдеудің негізгі факторлары айқындалады. Олардың ішінде институционалдық ортаны дамыту, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қолдау, цифрлық технологияларды интеграциялау және адами капиталды нығайту ерекшеленеді. Қазақстан үшін өнеркәсіптік парктер құру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, ШОБ үшін құзырет орталықтарын ашу және Индустрия 4.0 тұжырымдамасы аясында білім беру бағдарламаларын кеңейту сияқты нақты ұсыныстар жасалады. Талдау нәтижесінде экономиканы әртараптандыру мен орнықты өсім шикізаттық ресурстарға тәуелділікті еңсерудің, мұнайды өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесін арттырудың және жаһандық құн жасау тізбектеріндегі позицияны күшейтудің негізгі шарттары болып табылатыны анықталды. Кілтті сөздер: вертикалды даму, тік интеграция, экономикалық өсу, мұнай-газ саласы, Қазақстан.</jats:p>