Abstract
<jats:p>Кәсіпкерлік белсенділік экономикалық дамуға әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл үдеріс жаңа кәсіпорындарды құруды, инновациялық қызметті, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуді және бизнес-үдерістерді жетілдіруді қамтиды. Бұл мақалада осы үдерістерді тиімді қамтамасыз ету арқылы экономикалық дамуға қол жеткізуге болатындығы қарастырылды. Мақалада кәсіпкерлік қызметтің экономикалық дамуға қалай ықпал ететіндігі, оның деңгейіне қандай факторлар әсер ететіні аталды. Мақаланың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің деңгейі елдегі экономикалық даму деңгейіне барынша оң әсер ететіндігін көрсету. Кәсіпкерлікті экономикалық дамудың жеке факторы ретінде қарауға болатындығы қарастырылды. Зерттеу әдістемесі: мақалада ғылыми ақпараттар жүйелі түрде талданып, бір құрылымға келтірілді. Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі кәсіпкерліктің экономикалық дамуға тигізетін әсерлерінің әдістемелерін негізге алатын дедукция әдісі де қолданылды. Зерттеу барысында авторлар деректерді талдау, салыстыру, корреляциялық-регрессиялық талдау әдістерін пайдаланды. Зерттеу ерекшелегі / құндылығы: мақала қолданыстағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерге шолу жасау арқылы экономикалық дамудағы кәсіпкерлік қызметтің рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерліктің экономикалық өсуді ынталандыратын механизмдері мен шарттары туралы білімді тереңдетуге көмектеседі. Мақаланың теориялық және практикалық маңыздылығы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық дамудағы рөлі туралы ғылыми зерттеулерге өз үлесімізді қосуда. Зерттеу нәтижелері: осы мәселе бойынша отандық және шетел әдебиеттерін зерттеу арқылы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі таңдағы өте маңызды рөлін атап көрсете отыра, осы қызмет нәтижелерінің экономикалық дамуға әсері көрсетілген. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық дамуға әсерін бағалау бойынша кейбір зерттеулерге сүйене отырып, аймақтар бойынша панельді деректер регрессиясы бағаланды. Мақаланың негізгі мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық даму деңгейіне аймақтардағы түрлі экономикалық көрсеткіштердің қаншалықты және қалай әсер ететіндігі анықталды, соның ішінде тіркелген кәсіпорындар саны, жұмысбастылық, инфляция, сауда ашықтығы сияқты бірнеше факторлар арасыдағы байланыстар көрсетілді.</jats:p>