Abstract
<jats:p>Мақалада ертегінің нейролингвистикалық бағдарламалық (НЛБ) сипаты қарастырылған. Зерттеу барысында ертегілердің адам миында ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау үдерісіне тигізер ықпалы, сондай-ақ тілдік құрылымдар мен когнитивтік модельдер арқылы ойлау мен түсіну механизмдері қарастырылған. Ертегілер мәдени-тілдік феномен нейролингвистика, психолингвистика және этнолингвистика ғылымдарының тоғысында зерттеліп, зерделенді. Зерттеу аясында ертегіні қабылдау мен түсінудің нейрофизиологиялық негіздері сараланып, ертегілердің когнитивтік дамуды қолдау, ойлау процесін бағдарлау және тілдік функцияларды қалыптастырудағы қызметіне жан-жақты талдау жасалды. Зерттеу жұмысында ертегі жанрының ойлау мен танымды қалыптастырушы, эмоцияны реттеуші құрал ретінде нейролингвистикалық және когнитивтік сипаттары ашылған. Бұл мақаланың өзектілігі мен маңызын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде ертегінің адамның ойлау, қабылдау және тілдік бағдарлау қабілеттерін қалыптастырудағы маңызы айқындалып, олардың нейролингвистикалық бағдарламалау ерекшеліктері зерделенді. Тәжірибелік талдау жұмысының нәтижесінде аталмыш тақырып аясында ғылыми-теориялық тұжырымдар жүйеленіп, зерттеу жұмысының практикалық маңызынегізделді. Зерттеуде нейролингвистикалық әдіс, салыстырмалы әдіс, интроспекция әдісі, сауалнама әдісі, еркін ассоциациялық эксперимент әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен материалын нейролингвистика, психолингвистика, балалар әдебиеті, т.б. пәндерден дәріс оқуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуда және ортамектептер мен мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында ертегілерді оқытуда ғылымиәдістемелік материал ретінде қолдануға болады. Бұл зерттеудің теориялық және практикалық маңызын айқындайды. </jats:p>