Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қорында сақталған ортағасырлық қабіржапқыш туралы тың зерттеулер қарастырылған. Көп ғасыр бойы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Ясауи бабамыздың басына қойылған құлпытаста жабулы тұрған қабіржапқыш туралы зерттеулер ғылыми айналымда көптеп кездеспейді. Зерттеуімізде «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының құнды жәдігері қабіржапқыштың жасалу технологиясы және оның бетіндегі сақталған жазулардың аудармасы мен олардың мағынасы баяндалып, ғылыми анықтама беріледі. Зерттеу барысында қабіржапқыш материалына мата фрагменттері мен тоқыма жіптеріне жүргізілген зертханалық зерттеулердің қорытындысы негізінде талдау жасалады. Сонымен бірге, шетелдік және отандық реставраторлар мен текстолог мамандардың тың зерттеулері пайдаланылды.Зерттеудің ғылыми жаңалығы қабіржапқыштың нақты жасалған уақыты туралы тұжырымдарды салыстыра отырып, оның бүгінгі күнге дейін сақталып, ХХ ғасырдағы жағдайы туралы тың деректер ұсынылуында. Өзіне көп сыр жасырған құнды тарихи жәдігердің реставрация-консервация жұмыстары бойынша ұсыныстар келтіріледі. Ортағасырлық жәдігердегі каллиграфикалық жазулар мен өрнекті орнаменттерді қабіржапқыш бетіне түсіру технологиясының қыры мен сырын ашуға қатысты ғылыми талдау жасалды. Зерттеу барысында қабіржапқыштағы деректерді талдау, тұжырымды фактілерді салыстыру, болжам жасау әдістері қолданылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар көп зерттеулерді талап етеді.</jats:p>

Show More

Keywords

мен қабіржапқыш туралы ғылыми тың

Related Articles

PORE

About

Connect