Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада құланның (Equus hemionus) «Іле-Балқаш» МТР-ты аумағына реинтродукциясы кезінде олардың жаңа экожүйелерге бейімделуі мен биологиялық негіздемесі қарастырылады. Жануардың биологиялық ерекшелігі, таралу ареалы, дене бітімі, салмағы, төлдеу және көбею кезіндегі мінез-құлқы қарастырылған. Құландардың мекен ету аймағының табиғи-климаттық жағдайлары, жақын орналасқан гидрометеорологиялық станциялар деректері, геологиялық құрылымы, рельефі, климаты, гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі жан-жақты талданған. Жануарларды арнайы бақылау алаңдарында және волерлерде қадағалау әдістері қарастырылған. Сонымен қатар жерсіндіру кезеңінде құландардың қосымша қоректік және минералдық заттармен қамтамасыз ету және олардың қоректену кезіндегі мінез-құлқының ерекшеліктеріне тоқталған. Физиологиялық қажеттіліктеріне сай толыққанды азықпен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы биотехникалық нормативтерге сәйкес азық мөлшері есептеліп кестемен берілген. Құланның өмір сүретін негізгі жерлерін, шөптің қанша түрімен азықтанатын, құрамы берілген. Резерваттағы омыртқалы жануарлардың көктемгі және күзгі санаққа енген түрлерінің нәтижесі дәйектелген. Құландардың күзде және қыста үлкен үйірге топтасып, кейін күйекке түсу кезіндегі мінез құлқы, буаз болу уақыты, жыныстық жетілу мерзімдеріне тоқталған. Көру, есту және иіс сезу мүшелерінің жақсы жетілгенін қарастырған.</jats:p>

Show More

Keywords

және кезіндегі ету олардың мен

Related Articles