Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста Алматы облысының өзендерінің гидрологиялық режимін көпжылдық орташа су өтімі, ауа температурасы және атмосфералық жауын-шашын мөлшері туралы деректер негізінде талдау нәтижелері ұсынылған. Климаттық факторлар температуралық режим, жауын-шашын мөлшері ағынның қалыптасу ерекшеліктерін және өзендердің су режимінің маусымдылығын айқындайтыны көрсетілген. Мәліметтер су ресурстарын бағалауда және су шаруашылығы қызметін жоспарлауда табиғи-климаттық ерекшеліктерді кешенді ескерудің қажеттілігін дәлелдейді. Сонымен қатар, есептеулер нәтижесінде орташа су ағыны үлкен өзендерде 1,5-10 м³/с, ал кіші өзендерде 0,1-2 м³/с құрайды. Құбылмалылық коэффициенті (Cv) көрсеткіштері 0,13-0,27 аралығында, яғни кей өзендер тұрақты ағынға ие (Талғар өзені Cv=0,13), ал кейбір өзендер (Кіші Алматы Cv = 0,27) су ағынының айтарлықтай ауытқуына ие. Бұл өзендер үшін судың жылдық режимі маусымдық факторларға тәуелді, әсіресе қарлы кезеңдер мен жазғы құрғақшылық кезінде. 5% қамтамасыз етілу жылдағы ең жоғары су өтімі, негізінен көктемгі қар еру кезінде байқалады; 50% қамтамасыз етілу орташа ұзақ мерзімді ағын, су ресурстарының орташа көлемін сипаттайды; 95% қамтамасыз етілу құрғақ мезгілдегі минималды су ағыны, су тапшылығы кезеңін көрсетеді. Әртүрлі қамтамасыздық кезеңдерінде мәндерден таулы өзендерде су тапшылығының аз екендігін байқаймыз. Зерттеу нәтижелері климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын орнықты басқарудың өңірлік стратегияларын әзірлеу үшін маңызды әрі Алматы облысындағы су пайдаланудың тәжірибесін жетілдірудің ғылыми негізі ретінде қолданылуы мүмкін.</jats:p>

Show More

Keywords

су орташа Алматы және өзендерде

Related Articles