Abstract
<jats:p>Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймақтарында топырақтың ылғалдылығын арттыру мақсатында гидрогельдердің қасиеттерін әзірлеу және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында полиакриламид және крахмал, акриламид және каолин негізіндегі гидрогельдер (КАКНГ) қолданылып, олардың топырақтың су сіңіру қабілетіне, өсімдіктердің өсуіне және өнімділігіне әсері бағаланды. Нәтижелер гидрогельдердің, әсіресе полиакриламид негізіндегі гидрогельдердің, топырақтың ылғалдылығын айтарлықтай жақсарта алатынын көрсетті. Сонымен қатар, гидрогельдердің топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне оң әсері анықталды. Зерттеу барысында топырақтың су сіңіру қасиеттері, өсімдіктердің өсуі мен өнімділігі бақыланды, сонымен қатар топырақтың химиялық талдаулары жүргізілді. Гидрогельдерді қолдану топырақтың су сіңіру қасиеттерін айтарлықтай жақсартып, тәжірибе алқаптарда өсімдіктердің өсуін нығайтты. Полиакриламид негізіндегі гидрогель қолданылған алқаптарда күріш өнімі 18%-ға артты. Бидай мен мақсары өнімі сәйкесінше 12% және 15%-ға өсті. Крахмал, акриламид және каолин негізіндегі гидрогель төмен нәтижелер көрсетті, бірақ ол да бақылау алқаптарына н 8–10%-ға жоғары болды. Нәтижелер гидрогельдердің су тапшылығы жағдайында жоғары тиімділігін және құрғақ аймақтарда ауыл шаруашылық өндірісі үшін практикалық құндылығын растайды және . жабындау және тамшылы суару сияқты дәстүрлі ылғалды сақтау әдістерінің тиімділігін арттыру әлеуетін көрсетеді және климаттың өзгеруі контекстінде тұрақты ауыл шаруашылығы үшін құнды болады.</jats:p>