Abstract
<jats:p>Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді аймағындағы изеннің (Bassia prostrata) зиянкес-бөжектерінің дәрнәсілдеріне қарсы «Квикфос» және «Гермес» фумиганттарының биологиялық тиімділігін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары Бақанас ауданының тәжірибелік алаңдарында орындалды және ондағы өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен зиянкес-бөжектердің табиғи саны ескерілді. Тиімділікті бағалау үшін бақылау тобы және келесідей төрт тәжірибелік нұсқа пайдаланылды: «Квикфос» – 1,0 және 2,0 г/м³ концентрацияда, «Гермес» – 5 және 10 мл/кг концентрацияда. Дәрнәсілдердің саны өңдеуге дейін және өңдеуден кейін 1, 3, 7 және 14‑ші күндері есептелді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Квикфос» 2,0 г/м³ концентрацияда ең жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті, осы топта өңдеуден кейінгі алғашқы күні дәрнәсілдердің саны 60,6 %-ға төмендеді, үшінші күні—85 %-ға дейін, ал 7‑14 күн аралығында тиімділік 90 % деңгейіне дейін жетті. «Квикфос» 1,0 г/м³ концентрацияда пайдаланылған топта да фумигант жоғары тиімділікпен ерекшеленіп, көрсеткіш 40,6 %-дан 70,3 %-ға дейін артты. Ал, «Гермес» фумиганты салыстырмалы түрде әлсіз белсенділік көрсетті, оның тиімділігі 10 мл/кг концентрацияда– 65 %, ал 5 мл/кг қолданған кезде 50 %-ға жетті. Осылайша, «Квикфос» 2,0 г/м³ концентрациясы изен тұқымдарын тез әрі толық өңдеуге ұсынылады, ал «Гермес» экологиялық қауіпсіздігі жоғары, жайылым өсімдіктерінің биоалуантүрлілігін сақтау үшін кешенді қорғау жүйесінде қолдануға лайықты.</jats:p>