Abstract
<jats:p>Зерттеу жұмыстарына Қазақстанның онтүстік шығысында орналасқан «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Майлы дақылдар бөлімі және молекулалық биология зертханасында сорт сынау питомнигінің бәсекеге қабетті жоғары соя линиялары және де нөлдік аллелі бар TI3 локусы бастапқы материал ретінде алынды. Зерттеудің басты міндеті соя дақылын пайдаланғанда, оның тұқымының құрамындағы кездесетін қоректік заттарға қарсы факторлардың бірі трипсин ингибиторының (ТІ) белсенділігін төмендету болып отыр. Яғни, ТІ ас қорыту кезінде ақуызды ыдырататын трипсиннің белсенділігін төмендететін ферменттің қызметін бақылау маңызды. Қазіргі уақытта дәстүрлі селекция әдісімен осындай ферменттерді анықтау мүмкін емес. Осыған орай біздің зерттеуімізде лабораториялық жағдайда молекулалық биология әдістерімен соя линияларының тұқымы құрамындағы трипсиннің ингибиторлық белсенділігін және липоксигеназаның Lox2 локусының аллельдері тығыз байланысы Satt 656 праймерінде SSR маркері көмегімен анықталды. Зерттеуге алынған сояның Б-47/411; Б-40/62-24; ЗР 107/3; Б47/53; З 8/2; Е 12/2; Ж 8/2; Ж 8/4; Ж13/2; ИТ 1/6; ИТ 1/5; ИТ 17/3; З 40/; ИТ 1/8; А8/22; ИТ 24/4; ИТ 1/7; ИТ 24/2; ИТ 1/9, ИТ1/3; КТ-41/1; И-23/7 линияларының тұқымдарындағы ақуызды сақтау спектрі және липоксигенеза белсенділігі талданды. Нәтижесінде сояның Б-47/411, ИТ 1/3, Ж 8/2, Б47/53 линияларының тұқымының құрамындағы қоректік затқа қарсы ферменттің төмен мөлшері алынды. Аталған линияларды тұқымдарының құрамындағы антиқоректік заттардың төмендету соя селекциясында бастапқы материал ретінде қолданысқа ұсыналады. </jats:p>