Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қоршаған ортаның ластануы адам өмірінде және экожүйеде көбірек орын алуда. Мұнда қазба отынды пайдаланудан, тау-кен өндірісін дамытудан, қалдықтарды жағудан, өнеркәсіптік ағынды сулары төгілуден су, топырақ және ауа сияқты табиғи ресурстар ластануда.  Қазіргі уақытта ауыр металдар улылығымен, атмосферада ұзақ өмір сүруімен және биоаккумуляция арқылы адам ағзасында жиналу қабілетімен қоршаған ортаны ластаушы көздердің негізгісі болып отыр.  Сондықтан негізгі ластаушы факторларды анықтау мен қадағалау өте маңызды мәселе ретінде қарасырылуда. Мақала Атырау облысы Мақат ауданынадағы мұнай – газ игерудегі ластаушы заттардың құрамын зерттеу, топырақтағы мұнай қалдықтарының таралуын зерханалық талдау және экожүйеге әсерін бағалау мақсатында қарастырылды. Сонымен қатар мұндағы мұнай қалдықтарымен, соның ішінде әртүрлі көмірсутектермен, ауыр металдармен және басқа химиялық қосылыстармен ластанған, тұзданған топырақты қалпына келтіру мен жақсарту әдістерін әзірлеу мақсатында жүргізілді.  Аумақтағы зерттелген нүктелердегі топырақтар ауыр металдардың ішінде қорғасынмен (Pb) ластанғанын көрсетті, оның құрамы барлық тереңдікте 4 есе шекті рұқсат етілген концентрациядан асатындығы дәлелденді. Сондымен қатар батпақ тұзданудың жоғары деңгейімен сипатталынды, ал тұздардың кальций-натрий мен сульфатты-хлоридті түрінің басым болып,  топырақ жоғары карбонатты екендігі анықталды.</jats:p>

Show More

Keywords

және ауыр ластаушы мен мұнай

Related Articles