Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада Алматы қаласындағы Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы қалаішілік көпірге, атап айтқанда жол айырығына геодезиялық мониторингті ұйымдастыру үшін геодезиялық тірек жүйелерін құру туралы ақпарат пен нәтижелер берілген. Жалпы автокөлік көпірлерінің құрылымдық деформацияларын дәл геодезиялық әдістермен бақылау және талдау көпір құрылыстарының қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл процесс көпірдің геометриясындағы өзгерістерді тұрақты бақылап, осы деректерді талдау арқылы құрылымның жағдайын бағалап, оның болашақтағы жағдайын назарда ұстауын қамтамасыз етеді.             Мәліметтер бойынша, көпірлердің мерзімнен бұрын тозып деформацияға ұшырауы  экологиялық және экологиялық емес факторлардан туындайтын құрылымның бұзылуы ретінде анықталады. Мысалы, эрозия, жер сілкінісі, су тасқыны, жүктеме жағдайлары және құрылыс материалдарының сапасыздығы, яғни оларды  жобалау және құрылыс кезеңдерінде ескерілмеген болуы мүмкін. Сол себепті де аталған автомобиль көпіріне геодезиялық бақылаулар жүргізіліп, нәтижесі мақалада көрсетілді.             Сонымен қатар геодезиялық тірек жүйелерін құру үшін Жерсеріктік позициялау технологиясын пайдалану мәселесі қарастырылды және де геодезиялық бақылаулардың классикалық әдістерімен көпір деформацияларының сандық сипаттамаларын анықтау үшін қолданылатын қазіргі заманғы аспаптар мен технологияларға да шолу жасалады.</jats:p>

Show More

Keywords

геодезиялық және мен үшін Бұл

Related Articles