Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Жасыл желектердің экологиялық және эстетикалық маңызы зор. Алайда зиянды ағзалар жасыл желектердің жалпы жағдайына кері әсерін тигізеді. Олар ағаштар мен бұталарды әлсіретіп, қурауына әкеледі. Зиянды ағзалармен күресу көбінесе түрлік құрамы мен жаңа тіршілік ету жағдайларындағы биологиясының жеткіліксіз зерттелуіне байланысты күрделі болады. Мақалада Алматы, Шымкент, Тараз және Қызылорда қалаларының жасыл желектерінің орман патологиялық жағдайы сипатталып, зиянкестердің инвазиялық және басым түрлері, олардың қоныстануы мен зияндылығы туралы деректер келтірілген. Аталған аймақтарға мониторинг жүргізу барысында қалалар мен орман алқаптарына айтарлықтай зиян келтіретін 30-дан астам түрлері анықталды. Солардың ішіндегі бұрын соңды болмаған  инвазивті зиянкестер: охрид немесе талшын ағашының егеуші (Cameraria ohridella Deschka et Dimic.), қарағаштың зигзаг жасап егеуіші (Aproceros leucopoda Takeuchi), еменнің үңгі егеуіші (Profenusa pygmaea), қоңыр мәрмәр қандаласы (Halyomorpha Halys Stål) және қараағаш жапырақжегіші (Xanthogaleruca luteola) кездесті. Сонымен қатар, жасыл желектерде жапырақжегіштер (Chrysomelidae), жапырақкеміргіштер (Tortricidae), мүр (Geometridae) және жұпсыз жібек көбелектері (Bombyx), жұлдызшалы (Acantholyda posticalis Mats) және қызылбасты жұлдызшалы тоқығыш егеуіштер (Acantholyda erythrocephala Linneus) табылды.</jats:p>

Show More

Keywords

және мен жасыл желектердің орман

Related Articles