Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды өсуіне байланысты қоршаған ортаның ауыр металдар иондарымен ластануы жылдан жылға күшейе түсуде. Ауыр металдар адам үшін өте қауіпті және қоршаған орта мен экожүйеге зиянды әсер етеді. Ауыр металдар ағынды суларға төгіліп, адам ағзасына ену қаупі бар. Сондықтан, ағынды сулардан ауыр металл иондарын жою қоршаған ортада да, бизнесте де үлкен назар аударатын өзекті болып табылады. Осыған орай қазіргі кезде суды тазартудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін ауыстыру немесе заманауи технологияларды енгізу үшін жетілдірілген материалдарды әзірлеу қарастырылуда. Осы мәселелерді шешу үшін үш өлшемді органикалық-бейорганикалық кешеннің жаңа түрі болып табылатын металл-органикалық қаңқалар (MOF) осы мәселелердің шешімі ретінде, әсіресе адсорбция саласында аса маңызды. Бұл шолу мақалада MOF материалының бір түрі - Zn металл атомынан және 2-метилимидазолдан тұратын цеолитті имидазол қаңқасын (ZIF-8) синтездеу тәсілдерінің түрлері және олардың ерекшеліктері келтірілген. Сондай-ақ (ZIF-8) ағынды суларды тазартуда белгілі материал болып табылатындығы, оның жоғары адсорбциялық қабілеті мен фотокаталитикалық материалдар үшін ерекше қасиеттері бар екені туралы қарастырылады. Сонымен қатар судан ауыр металдарды тиімді жоюда MOF-терді қолдану, синтездеу және олардың суды тазартудан басқа да қолданыстарға пайдаланудың соңғы жетістіктері талқыланған.</jats:p>

Show More

Keywords

үшін және қоршаған ауыр металдар

Related Articles

PORE

About

Connect