Abstract
<jats:p>Мақалада Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алған алғашқы мерзімінен басталған егемен мемлекеттің дербес қорғаныстық саясатын жүргізудегі алғашқы ұйымдастыру шаралары мен оның нәтижелері баяндалған. Атқарылар істің нақты мақсаты айқындалған. Аталған тақырыпты ашуда көптеген тарихи және архив деректері пайдаланылып, бұл келелі мемлекеттік шараның Ел бостандығының кепілі ретіндегі қажеттігі мен маңызына баға берілген. Солардың қатарында егемен еліміздің қорғанысын негіздеудің республиканың өзінің ғана емес, аймақтық мемлекеттер аралық байланыстар арқылы жүзеге асырылуының қажеттігі мен осы бағыттағы алғашқы атқарылып отырған жұмыстарға талдау берілген. Қазақстан Республикасының қорғаныстық саясатын жүргізуге арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнына талдау жасалып, оның аясындағы атқарылуға тиісті істердің маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының әскери қорғаныс күштерін негіздеу, әскери мамандар дайындау мен техникалық жағдайын қамтамасыз етудегі бастапқы жүзеге асырылған шаралары мен бұл істі одан ары жүзеге асырудың мемлекеттік тұрғыдағы қажеттігі мен міндеттері нақты мысалдар арқылы сараланған. Қазіргі жаһандану заманындағы Орталық Азия аймағындағы мүмкін болар қарулы қарсы әрекеттерге бірлесе тойтарыс беру мақсатындағы Республиканың бұрынғы КСРО құрамында болған бірнеше одақтас республикалар арасындағы негізделген Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына кіруі мен ондағы атқарып отырған қызметі баяндалған. Аталған қорғаныстық ұйымның жұмысын одан ары дамытып, нәтижелілігін арттырудағы Қазақстан Республикасының жоспарлы бұл ұйымдағы атқарып отырған қызметі мен оны одан ары дамытудың қажеттігі көрсетілген. Орталық Азиядағы мемлекеттердің шекара аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ШЫҰ-дағы Қазақстан Республикасының қызметіне талдау беріліп, маңызы көрсетілген. Мемлекеттің елдің қорғанысын берік негізде ұйымдастыру жолындағы аталған аймақтық ұйым шеңберіндегі жасаған нақты ұсыныстары баяндалып, оған тарихи баға берілген. Егемен мемлекеттің қарулы күштерін нығайту, оның қабілетін әлемдік талаптарға сай негіздеудегі алыс шетел мемлекеттері, солардың қатарындағы Түркия Республикасы, АҚШ, тағы да басқа мемлекеттердің қорғаныстық саладағы қызметтерімен байланысына, тәжірибе алмасу жұмыстарына талдау берілген. Бұлармен бірге Егемен еліміздің осы саладағы НАТО-ға мүше мемлекеттермен арадағы теңдік және бейбітшілікті қамтамасы ету жолындағы жасалған келісімдеріне назар аударылып, Қазақстанның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» атты Бағдарламасын қабылдауы баяндалған. Ел тәуелсіздігінің басты кепілі мемлекеттің қорғаныстық саясатын әлемдегі және аймақтағы өзгерістерге байланысты үнемі жоғары деңгейде жүргізудің қажеттігіне назар аударылған. Бұл істі жүйелі де мақсатты тұрғыда іске асыруға арналған ұсыныстар берілген. Мақаланың дереккөздерінің негізгі бөлігін тарихи еңбектермен қатар шетелдік және отандық мемлекеттік архив мәліметтері құрайды.</jats:p>