Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Еуразия тарихында Ұлы Жібек жолы ежелгі дәуірден бастап Батыс пен Шығыс арасында диалогтың негізгі күретамыры саналды. Соның ішінде Батыс елдері мен түркі халықтары арасындағы материалдық-мәдени және рухани байланыстар тарихта өзінің терең ізін қалдырды. Бұл Шығыс пен Батыс мәдени байланысы мен өркениеттердің қақтығыстарының өзара үлкен бір көрінісі саналады. Сондай-ақ, бұл түркі халықтарының діні мен мәдениетінің тарихындағы үлкен бір тарихи сабақтастықтың дәлелі болып табылады. Тарихи тұрғыдан Жібек жолы Шығыста Қытай мен Батыста Еуропа елдері арасындағы экономикалық және мәдени алмасудың көпірі қызметін атқарып, ол сонымен бірге Шығыс мәдениетін Орталық Азия, Батыс Азия, Парсы мәдениеттерімен, тіпті ежелгі Грек және Рим мәдениеттерімен тығыз байланыстырды. Ұлы Жібек жолы бойындағы әртүрлі аймақтарда көптеген діндер таралып, олар бір-бірімен тату өмір сүріп, бірге дамыды. Олардың ілімдері өзара сіңісіп, тұтасып отырды. Түркі халықтары мен Еуропа халықтарының арасында діндер мен этноконфессиялар бір-бірінің даму формаларын қабылдады. Мұның бәрі Ұлы Жібек жолының Батыс елдері мен түркі халықтарының арасында діни және мәдени алаңға айналғанын көрсетті. Сонымен қатар, түркі халықтары мен Батыс елдері үшін діндер мен мәдениеттердің даму тарихында ерекше құбылыс болды. Қазіргі кезде түркі халықтарының діни-наным сенімдері мен конфессияларының пайда болуы және жойылуы туралы зерттеулер өзекті саналады. Ұлы Жібек жолының бойымен түркілер арасында тараған діндердің тарихы және соның негізінде Батыс пен Шығыс арасында орнаған мәдени-өркениеттік тарихты зерттеу маңызды болып отыр. Мұның барлығы түркі халықтарының саяси тарихымен қатар, мәдени және өркениеттік тарихын тануға, сондай-ақ оған Батыс әлемінің ықпалы туралы мәліметтерді игеруге көмектеседі. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында Батыс Еуропа мен Түркі әлемі арасында діни, мәдени және өркениеттік диалогтың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі қарастырылады. Ұлы Жібек жолының бойын мекендеген түркі халықтарының діни және мәдени өмірі мен Еуропа халықтарының оларға жасаған ықпалына назар аударылады. Ұлы Жібек жолы арқылы Батыстан Шығысқа, оның ішінде түркілер географиясына таралған діндер мен конфессиялар, мәдениеттің толқындары және жалпы өркениеттер диалогы тарихи тұрғыдан зерттеледі. Авторлар тарапынан батыс еуропалықтар мен түркі халықтары арасында орын алған өзара мәдени және өркениеттік үдерістер ғылыми талдауға түседі.</jats:p>

Show More

Keywords

мен және Батыс Жібек түркі

Related Articles