Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Махмұт Қашқари – түркі әлемі тарихи тұлғаларының бірі, түркі халықтарының өмірі, мәдениеті мен тіліне арналған ортағасырлық бірегей «Диуан лұғат ат-түрк» ескерткішінің авторы. Сөздіктің мазмұнын карта, ауқымды тілдік және мәдени материал құрайды. Махмұт Қашқари сөздігінде алғаш рет түркі этнонимдері көрсетіліп, түркі диалектілерінің (қыпшақ, оғыз) салыстырмалы жіктеуі жасалады, олардың грамматикалық ерекшеліктері сипатталып, сөз мағыналары айқындалады. Ескерткіште келтірілген иллюстрациялық материалдар (мақал-мәтелдер, мәтіндер) түркі халықтарының дүниетанымын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты ашады. Сөздікте сөздердің шығу тегі, мағынасы мен формаларына қатысты авторлық комментарийлер ұшырасады. Мұндай авторлық комментарийлерге «түбірі осындай; бұл дыбыс орын алмастырған, түсіп қалған, кейін қосылған, алмасқан, осы дыбыстан шыққан; бұл сөз мынадан қысқартылған, қатаң дауыссызға айналған, екі сөз біріктірілген, бұл сөздегі дыбыстар түсіп қалған, белгілі бір сөзден алынған; немесе парсы тілінен алынған, араб тіліне сәйкес түсіп қалған» сынды сипаттамалар жатады. Бұл түсіндірмелерде Махмұт Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық заңдылықтарын, грамматикалық ерекшеліктерін, лексемалардың этимологиялық негіздерін айқындайды. Бұл орта ғасыр дәуірі үшін ірі ғылыми жетістік болып саналады әрі Сөздік авторының зерттеушілік дарынын айқын көрсетеді. Мақала авторлық комментарийлерді талдауға, лексемалар мен халач, чигил, ұйғыр, түрікмен және басқа да түркі этнонимдерінің шығу тегін зерделеуге, сондай-ақ лексемаларды фонетикалық, грамматикалық және семантикалық аспектіде зерттеуге бағытталған. Мақала авторы сөздерді төрт топқа жіктеп қарастырады: төл түркі лексикасының этимологиясы, аффиксті морфемалардың (сөз тудырушы және сөз түрлендіруші) мағыналары, кірме сөздер (араб және парсы тілінен енген сөздер) этимологиясы мен түркілік қабат, сондай-ақ шығу тегі белгісіз сөздердің мағыналары. Әрі қарай осы топтардағы фонетикалық заңдылықтар көрсетіледі: сөз түбіріндегі дыбыстардың метатезасы (орын ауыстыруы) eḏgiş/egḏiş; синкопа – сөз ортасындағы дыбыс немесе буынның түсіп қалуы – nerek/ nē kerek; регрессивті ассимиляция заңы igit&lt; egiḏti; дауыссыз дыбыстардың ұяңдануы мен қатаңдануы. Сондай-ақ eren, taparu, alıgsa сынды мысалдардағы -n, -mız, -sA – ru сөз түрлендіруші жұрнақтардың мағыналарына да назар аударылады. Этимологиялық талдауда -daş, -lık/-luk, -nç (kadaş, üçünç, ekinç) тәрізді сөз тудырушы аффикстер арқылы жасалған, сондай-ақ сөздердің бірігуі нәтижесінде пайда болған бірліктердің (topık &lt; top, kasuk &lt; kas, öçüt &lt; öç, terkin &lt; terk, közetti &lt; köz attı; kutaldı &lt; kut aldı; tonattı &lt; ton ıdt) сөзжасамдық әлеуеті де ашылады. Алайда сөзжасам мен морфология бірліктері жеке-жеке емес, бірге қарастырылады. Мақала авторы түркі этнонимдерін интерпретациялауда олардың шығу тегін халықтық этимологияға сүйеніп негіздеу қажет деп есептейді.</jats:p>

Show More

Keywords

түркі сөз мен және шығу

Related Articles